"Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің
тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88,
№ 763 тіркелген бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 140-ө бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005.06.09. № 236-ө Бұйрығымен күші жойылды
Мүгедектердің сұранысын қазіргі заман талаптарына жауап беретін протездік-ортопедиялық бұйымдармен анағұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 763 тіркелген), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 106-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1910 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 33, 666-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы Нұсқаулықта:
2-тармақ "қол және аяқ" деген сөздерден кейін ", көкірек бездері" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "және т.б." деген сөздер ", жіңішке таяқтар, балдақтар, жетек арбалар" деген сөздермен ауыстырылсын;